• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Желтоқсан, 2022

СҚО-да газ баллоны жарылып, ер адам қаза тапты

341 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуінен оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 6 желтоқсан күні болған. Үй иесі үйді жылыту үшін газ баллонын әкелген.

«Жылы жерде баллон кеңейіп, газ-ауа қоспасы жарылып, содан кейін өрт шықты. Өрт салдарынан тұрғын үйге механикалық зақым келді. Үйдің 36 жастағы иесі ауруханаға жатқызылды. Ер адамның денесін 60 пайыз күйік шалған. Дүйсенбі, 12 желтоқсанда алған жарақаттарынан зардап шеккен адам медициналық мекемеде қайтыс болды», деді мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдар Мұсатаев.

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы бір аптада 25 өрт оқиғасы орын алған. Өрт үш адамның өмірін қиды. Облыстың төрт тұрғыны әртүрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын алды.