Алматы-Астана тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Toyota Land Cruiser Prado және Toyota Avensis автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Қос көліктің жүргізушілері апат орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Prado көлігі Астанаға қарай солтүстік бағытта жылжыған, ал Avensis - Алматыға қарай бет алып келе жатқан.
Алдын ала болжам бойынша, Avensis жүргізушісі ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік тізгінін басқара алмай, оған қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Нәтижесінде, ол Prado көлігімен соқтығысты. Соққыдан екі көлік те жол жиегіне шығып кеткені анықталды.
Апат салдарынан екі жүргізуші де көз жұмды.
Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.