Чилидегі Винья-дель-Мар курорттық қаласын шарпыған орман өртінен кем дегенде екі адам қаза тапты. Тағы 30 адам күйік пен түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Бейсенбіде қаланың таулы аймағын өрт шарпыды. 50 км/сағ-қа дейінгі қатты желдің әсерінен өрт тез таралып, шамамен 125 гектар аумақты қамтыды. Бірнеше аудандардың тұрғындарын эвакуациялауға тура келді.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, Чили Президенті Габриэль Борич елде төтенше жағдай енгізді.