• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қаңтар, 2023

СҚО-да зейнеткер көмірқышқыл газынан уланып қалды

172 рет
көрсетілді

Оқиға Жамбыл ауданы Пресновка ауылында болған. 66 жастағы жеке үйдің иесі көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауруханаға түскен кезде оның жағдайы орташа ауырлықта болған. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Белгілі болғандай, әйел қатты отынмен жылытатын пештен шыққан түтіннен уланған.

«Пешті толығырақ тексеру барысында мамандар өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтады. Бастапқыда және жылыту кезеңінде мұржа, жылыту пешінің элементтері тазартылмаған, пеш есіктері істен шыққан, жанғыш құрылыстардан арақашықтық нормалары қамтамасыз етілмеген», деп хабарлады ТЖД.

Айта кетейік, бұған дейін бұл үйге Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратқан.