• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қаңтар, 2023

Қазақстанда 14 мыңға жуық шетелдік жұмыс істейді

370 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота мөлшерін бекітеді. Биыл бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,24%-ын немесе 22,2 мың бірлік мөлшерінде белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл ШЖК-ны жұмысқа тарту бойынша 4 санатта квота бөлінді:

бірінші санат - 949 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары); екінші санат - 5 313 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары); үшінші санат - 10 818 рұқсат (мамандар); төртінші санат - 2 100 рұқсат (білікті жұмысшылар)

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 3 080 жұмыс күшін тарту жоспарланып отыр.

Бұдан басқа 2023 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарын тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 3,2% немесе 296,7 мың бірлік мөлшерінде белгіленген.

Өткен жылы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге ШЖК тарту үшін 13,4 мың рұқсат беріп, ұзартты. Бұл қайта бөлінген квотаның 63,5%-ын (21,1 мың) құрады.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 13 951 шетел азаматы жұмыс істейді.

2022 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарын тартуға 300 мың квота белгіленген еді. Ал жергілікті атқарушы органдар 272 002 рұқсат берді.

Соңғы жаңалықтар