• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қаңтар, 2023

Дебатқа қатысатын жастар саны 28 мыңға өсті

311 рет
көрсетілді

Бұл туралы Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігі пікірсайысты кеңінен насихаттау мақсатында пікірсайыс турнирлерін өткізудің тұжырымдамасы мен ережесін әзірледі. Оқушылар мен студенттерді оқыту үшін 10-ға жуық жобалық кеңсе мен штаб ашылды, онда әлемдік аренада танымал пікірсайысшылардың қатысуымен түрлі тренингтер мен вебинарлар ұйымдастырылады.

Мәселен, биылғы оқу-жаттығуды әлем чемпионатының финалисі және пікірсайыс бойынша Азия чемпионы Джошуа Парк өткізді. 2021 жылдан бастап тәжірибе алмасу үшін Telegram арнасы және WhatsApp-та «Пікірсайыс қозғалысы/Дебатное движение» чаты жұмыс істейді. Ол чаттарда бүгінгі күні 5 мыңға жуық адам бар.

«Бүгінде оқушылар мен студенттер арасында кең тараған және танымал трендтердің бірі – ол дебат. Бұл қозғалыстың дамуы туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан еді. Дебаттар танымдық дағдыларды дамытады. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті – ХХІ ғасыр адамының негізгі дағдыларының бірі, өйткені көріп отырғанымыздай, жаңа буын жастары белсенділігімен және әртүрлі қызығушылықтарымен ерекшеленеді. Осы дағдыларды дамыту үшін дебат клубтары жұмыс істейді. Олардың қатары жыл сайын артып келе жатқаны қуантады. Бүгінгі таңда пікірсайысшыларды қолдау мақсатында түрлі вебинарлар өткізіліп, қаржылай қолдау көрсетіледі, ал ірі турнирлердің жеңімпаздарына жергілікті университеттерге гранттар бөлінеді. Бұл қолдау шарасының барлығы дебат қозғалысын одан әрі танымал ете түседі, ал оның нәтижесі балаларымыздың білім сапасына оң әсер етеді», деді Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.