• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қаңтар, 2023

Ет өнімдері 17%-ға қымбаттаған

475 рет
көрсетілді

2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша ет өнімдерін қоса алғанда, ет бағасы бір жылда 16,6%-ға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz Energyprom деректеріне сілтеме жасап.

Бір жылда Маңғыстау облысында ет өнімдері бірден 22,6%-ға қымбаттады. Антикөшбасшылар қатарына Павлодар (21,7%) мен Солтүстік Қазақстан (21,5%) облыстары да енді. Ең төменгі жылдық баға өсімі Ұлытау облысында байқалды - 9,7%.

Жылдық динамикада ет пен құс еті 15,4%-ға, шұжық - 22,2%-ға, ет өнімдері - 15,9%-ға қымбаттады. Ет өнімдерінің ішінде құс еті бір жылда 29,4%-ға, жылқы еті - 16,7%-ға, шошқа еті - 14,3%-ға, қой еті - 12,9%-ға, сиыр еті - 10,1%-ға өсті. Сондай-ақ қайнатылған шұжық - 23,6%-ға, жартылай ысталған шұжық - 22,2%-ға қымбаттады.

2022 жылдың 1 желтоқсанына қарай Қазақстанда ешкі саны - 2,3 млн басқа дейін және шошқа саны - 812,5 мың басқа дейін өсті. Жылқы саны бір жылда 12,1%-ға, 3,7 млн басқа дейін, түйе - 8,6%-ға, 260,5 мың басқа дейін, ірі қара - 5,2%-ға, 8,5 млн басқа дейін, қой - 4,4%-ға, 19,6 млн басқа дейін, құс - 1,1%-ға, 50,8 млн басқа дейін өскен.

Тауық жұмыртқасының өндірісі бір жылда 4,9%-ға артты. Шаруашылықтарда 5,9 млн тонна сиыр сүті сауылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға артық.

Ірі жануарлардың тері өндірісі бір жылда 0,7%-ға, 2,9 млн данаға дейін өссе, ұсақ жануарлардың терісі керісінше 0,5%-ға, 6,6 млн данаға дейін төмендеді

2022 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын ел аумағынан әкетудің жаңа ережелері бекітіліп, сандық шектеулер енгізілді.