Былтырғы жылдың соңғы айында Электрондық еңбек биржасында 106,1 мың бос жұмыс орны және 36,6 мың түйіндеме орналастырылған. Яғни бір ғана айда көп өңірде бос орын жұмыстарының саны артқан. Сұраныс 16 пайызға өсіп, ұсыныс 27 пайызға төмендеп отыр.
«Мәселен, бір айда Түркістан облысында бос жұмыс орындарының саны 15,3 мыңға дейін жетіп, 170%-ды, ал Алматы облысында 10,6 мыңға дейін өсіп, 105%-ды құраған. Бұл ретте бір айдағы орналастырылған барлық бос жұмыс орындарының 44%-ы Түркістан, Алматы облыстары мен Астана, Алматы қалаларына тиесілі», деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская.
Ал 2021 жылғы көрсеткіште бос жұмыс орындар саны 16 пайызға, түйіндемелер саны 73 пайызға артқан. Кадрларға деген қажеттілік ауыл шаруашылығында 13,3 мың және басқа да қызмет түрлерінде 10,3 мың, орта білім беру саласында 9,8 мың бос жұмыс орындары тіркелген. Яғни былтыр желтоқсан айында елордадан басқа барлық өңірде ізденушілердің белсенділігі төмендеген. Түйіндемелер саны Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында азайса, Түркістан облысы 3,3 мың, Алматы қаласы 3,4 мың және Астана қаласы 5,7 мың жарияланған түйіндемелер санымен көш бастаған.
Александра Молчановскаяның айтуынша, былтыр желтоқсан айында білікті қызметкерлерге жоғары сұраныс байқалған, яғни бос жұмыс орнын ұсынушылар жұмыс іздеушілерден кәсіби біліктіліктің болуын талап еткен. Сондай-ақ көрсеткіштің алдыңғы аймен салыстырғанда төмендегені және біліктілігі жоқ еңбекке сұраныстың өсуі байқалған.
Алдыңғы айда білікті қызметкерлер арасында жылжымайтын мүлік агенттері, әлеуметтік қызметкерлер, күзетшілер, санитарлар, аспаздар, сондай-ақ тәрбиешілер мен олардың көмекшілері – тиісінше 1,1 мың және 851 бос жұмыс орны жоғары сұранысқа ие болды. Іздеушілер арасында негізінен автокөлік жүргізушілері, сатушылар, бухгалтерлер және заңгерлер болды. «Сұраныстың ұсыныстан жалпы басымдылығына қарамастан, желтоқсан айында вахтерлер, HR бизнес серіктестері және дене шынықтыру мұғалімдері айтарлықтай асып түсті», деп бөлісті Александра Молчановская.
Өтініш берушілердің белсенділігі өңірлер бойынша гендерлік жағынан да әртүрлі. Мәселен, Батыс Қазақстан, Атырау, Ұлытау және Ақтөбе облыстарында ер адамның түйіндемелері көп болса, қызмет көрсету саласы басым Шымкент, Астана қалалары, сондай-ақ Абай және Алматы облыстарында әйелдердің басымдылығы тіркелген. Түйіндемелердің үштен біріне жуығы 16 жастан 28 жасқа дейінгі жастарға 10,8 мың түйіндеме, 15,5 мың түйіндеме – орта жастағы ізденушілерге тиесілі болды. Барлық түйіндеменің тек 9%-ы зейнет жасына дейінгі адамдар болған. Электронды еңбек биржасының мәліметтеріне сәйкес, желтоқсан айында ең көп жалақыны бас директорларға – 2,8 млн теңге, тауар жинақтаушылары – 2,4 млн теңге, терезе монтаж жасаушылар 1,8 млн теңге күткен, ал жұмыс берушілер тарапынан жоғары жалақы өнеркәсіп саласындағы цех бастықтарына – 832 мың теңге, бас технологтерге – 700 мың теңге, техникалық сала басшыларына 650 мың теңге және өнеркәсіптік альпинистерге 650 мың теңге ұсынылды.
Осылайша, желтоқсан айы айтарлықтай төмен ұсыныспен кадрларға деген қажеттіліктің артуымен ерекшеленген. Бұл ретте, жыл соңы әдетте келесі жылдың басында біртіндеп қалпына келетін іскерлік белсенділіктің төмендеуімен сипатталатынын да ескерген жөн.