• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Ақпан, 2023

Ақмолада қаржы жымқырған полицейлер сотталды

284 рет
көрсетілді

Целиноград аудандық сотының үкімімен Ақмола облысы ІІД патрульдік полиция ротасының командирі, полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патрульдік полиция ротасының аға инженері, полиция капитаны Махсат Жаманбаев 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеу барысында анықталғандай, Ерденов пен Жаманбаев алдын ала келісім бойынша жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам сомаға жанар-жағармай талондардын ұрлаған. Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет ету құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.