ОСК хатшысы Мұхтар Ерман комиссияның отырысында сайлауға қатысуға тіркеліп жатқан шетелдік байқаушылар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мұхтар Ерманның айтуынша, 2023 жылдың 20 қаңтарында халықаралық байқау институты ашылғалы бері ОСК бір шет мемлекет пен екі халықаралық ұйымнан 25 байқаушыны ресми түрде тіркеді.
«2023 жылдың 9 ақпанындағы жағдай бойынша комиссияға Сыртқы істер министрлігінен екі шет мемлекет пен бір халықаралық ұйымнан 37 байқаушыны тіркеу ұсынылған», деді ол.
Атап айтқанда, ҚХР-дан 2 кандидатура және Нидерланд Корольдігінен 3 кандидатура мақұлданды. Сонымен қатар Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан тағы 32 байқаушы ұсынылды.
ОСК мүшелері қаралған мәселе бойынша комиссияның тиісті қаулысын қабылдады.