• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Ақпан, 2023

Биыл 6,2 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды

294 рет
көрсетілді

1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 95 кәсіпорнында 8,2 мың жұмысшының алдында 1,5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 24 нұсқама беріліп, 3,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

«Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 6,2 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 948 млрд теңге төленді», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.