Қызылорда облысының полицейлері халықаралық іздеуде болған азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қызылорда облысы ПД криминалды полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР ҚК-нің 190-бабы және ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша күдікті деп танылып, 2018 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы Өзбекстан тұрғынын ұстады.
Polisia.kz мәліметінше, 2018 жылы күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Жедел уәкілдер күдіктіні Астана қаласының аумағында ұстаған. Қазір ол Қызылорда қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.