Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 39 672-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу бұл ақпаратты растады.
Оның айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстарының басым бөлігі аяқталған, құтқарушылар 20 мыңнан астам ғимаратты тексерген.
Еске сала кетсек, 6 ақпанда Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7 балдан асатын екі жойқын жер сілкінісі болды.Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.