Кедендік бақылау барысында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы қаласының әуежайындағы халықаралық пошта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына көне монеталарды заңсыз әкетуге жол бермеген, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжаттарға арналған қаптама қапшығының қабырғаларында монеталарды жасыру фактісін кеден қызметкерлері қондырғының рентгенографиясын пайдалана отырып, сканерлеу барысында анықтады.
Табылған монеталар V-XIII ғасырлар аралығында Орта Азия аумағында монета әдісімен жасалған және тарихи құндылыққа ие.
Тек 2022 жылы Алматы қаласының әуежайында айналымға тыйым салынған тауарларды, оның ішінде есірткі және психотроптық заттарды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді кедендік шекара арқылы өткізудің ондаған жағдайлары тоқтатылған.