• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Ақпан, 2023

Туристер толы жағажайда акула ер адамға шабуыл жасаған

439 рет
көрсетілді

Жаңа Каледония елінің (Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі арал) адамдар толы жағажайында шетелдік туриске акула шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz   AFP басылымына сілтеме жасап.

Нақты мәліметке сәйкес, аустралиялық 59 жастағы ер адам ел астанасы Нумеа қаласының жағажайынан 150 метр жерде қалқымалы көпір маңында жүзіп жүрген уақытта акуланың шабуылына ұшыраған. Біршама уақыттан соң оны осы маңайда жүрген екі турист катерге көтеріп, жағажайға жеткізген. Құтқару қызметі ер адамға алғашқы көмек көрсеткен, алайда оның екі қолы мен екі аяғы қатты жараланып, көп қан жоғалтқанына байланысты сол жерде жан тапсырған.

Қауіпсіздік мақсатында Нумеа мэрі Соня Лагард оқиға болған аймақтағы жағажайларды жапқан және жолбарыс және бұқа акулаларын ұстауға бұйрық берген. Полиция мәіліметінше, теңіз жыртқыштарын ұстауға ұшқышсыз ұшу апараттары жұмылдырылған, соның арқасында екі акуланың қай аймақта жүргені белгілі болған. Прокурор мәліметінше, ер адамның өліміне қатысты тергеу шаралары басталды, енді құтқарушылардың жыртқышты неге байқамағаны тексеріліп жатыр.

Тұрғындардың айтуынша, бұл бірінші жағдай емес. Бір ай бұрын 49 жастағы ер адам Шато-Рояль жағажайында акула шабуылынан зардап шеккен. Тағы бірнеше күннен кейін акула серферге шабуылдаған, абырой болғанда оған еш зиян келмеген.