• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 22 Ақпан, 2023

KASE: Доллар қымбаттады

310 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесіне сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 0,77 теңгеге көтеріліп, 446,60 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 ақпандағы бір долларға арналған ресми бағамы 445,65 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,69 теңгеден сатып алынып, 449,86 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446,46 теңге, сату – 450,05 теңге.