• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Ақпан, 2023

СҚО-да жол жөндеуге 20 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

308 рет
көрсетілді

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында жол жөндеуге 19,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы қоғамдық кеңес отырысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

М.Баяхметтің айтуынша, 2,9 миллиард теңге облыстық маңызы бар жолдарға, үш миллиард теңге аудандық маңызы бар жолдарға және 1,4 миллиард теңге жол желісіне жұмсалады.

«Барлық жұмыс түрі 540 шақырымды, оның ішінде 26 елді мекендегі 60 шақырым елді мекендегі жолды қамтиды. Жыл қорытындысы бойынша стандартты жағдайдағы жолдардың үлесін 84 пайызға жеткізу жоспарланды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға жоғары. Ресейден 100 мың тонна битум әкелуге рұқсат етілген. Басқарма өтпелі жобалар үшін 17,4 мың тонна битум сатып алуды жоспарлап отыр», деді ол.

Бөлінген 19,7 миллиард теңгенің 5,9 миллиардына мемлекеттік сатып алулар әлі жүргізілген жоқ.