Қытай мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz some.kz сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘЭ» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 5:58-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12,1. Магнитудасы - 5,6. Тереңдігі - 10 шақырым», делінген хабарламада
Сондай-ақ бүгін Алматы уақыты бойынша 03:42-де тағы бір жер сілкінісі тіркелген.Бұл зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
Магнитудасы - 5,9. Алматыда 2 балл сезілген.