• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Инновация 01 Наурыз, 2023

Жасанды интеллект адамзаттың жауы ма?

1144 рет
көрсетілді

Жасанды интеллект – жиналған ақпаратты қолдана отырып, кез келген тапсырманы орындайтын алгоритмдік жүйе. Ол адамның қолынан келе бермейтін тапсырмаларды оңай әрі тез орындай алады. Шағын жобаларды іске асыру бағытында да жасанды интеллектінің мүмкіндігі шексіз екенін аңғарып жүрміз.

Кез келген салада же­тіс­тікке жету үшін жасанды интеллектінің әлеуеті зор бол­ғанымен, адамзатқа үлкен қатер төндіруі мүмкін. Бүгінде ғылыми технология өте тез дамып жатыр. Алайда адамзаттың бұл же­тістігі адам мүмкіндігін шек­тейтінін ұмытпайық. Жа­санды интеллектінің қаупі туралы америкалық кәсіпкер, Twitter-дің иесі Илон Маск та Дубайда өткен Әлемдік үкімет саммитінде айтты.

«Мұның жағымды да, жағымсыз да тұстары бар. Оны пайдаланудың тиімді тұсы өте көп десек те, ол ядро­­­лық бомбалар сияқты үлкен қауіп төндіруі мүмкін екенін естен шығармау қажет. Сондықтан бізге бұл саланы әлі де жан-жақты зерттеу маңызды», деді Илон Маск.

Жалпы, жасанды интел­лектінің қауқарын күнделікті өмірмізде орын алып жатқан алгоритмдерден де байқауға болады. Мысалы, чатботтарды алайық. Ол тұтынушылардың сұрауын тезірек талдау және тиісті жауап беру үшін қол­данылады. Ақпараттарды жи­нақтау жүйелері деректер жиынтығынан ақпаратты еркін түрде алу және жоспарлау мүмкіндігін ұсынады. Ал ұсыныс жүйелері қолда­нушылардың бұрын қараған ақпараттарына ұқсас дүние­лерді автоматты түрде негізгі планға шығарып отырады.

Иә, адамдардың «әлеу­меттік желіден ойлағанымның немесе іздегенімнің бәрі ал­дымнан шығады» дегенін естіген шығарсыз немесе өзі­ңізде дәл сондай жағдайды бастан кешкен болуыңыз да мүмкін. Мұның барлығы жасанды интеллектінің жұмысы.

Қазір жасанды интеллект арқылы шығарма немесе эссе жазуға да болады. Мұндай бот­тар білім алушылардың арасында кең таралған. Жа­санды интеллектінің жазып бер­генін адамның жазғанынан айыру қиын. Өйткені ол шы­ғарма немесе эссені 70 пайыз жүйелі жазады. Тіпті кей­бір боттар 97 пайызы анти­п­ла­гиат­тан еркін өтетін мәтін­дер­ді де дайындап бере алады. Ғалымдар мұндай алгоритм адам санасының дамуын те­жейді деп қауіптеніп отыр. Олар­дың айтуынша, жасанды интеллектінің алгоритмдері адам­ның ойлау қабілетінен де асып түсуі мүмкін.

Жақында АҚШ-тың OpenAI компаниясы мәтін жа­затын ChatGPT ботын іске қосты. Зерттеушілер бағдар­ламалық жасақтама кез келген тапсырманы орындау мақ­сатында және емтихан ке­зінде есептерді шығару үшін пайдаланылуы мүмкін деп алаң­дайды. Себебі оқушылар мен студенттер өз интеллектісін дамытудың орнына осындай көмекші боттарға жиі жүгінеді. Осыған байланысты OpenAI компаниясы адамның немесе боттың жазғанын анықтайтын бағдарламаны да әзірледі.

«Бұл жүйе жасанды интеллект жазған бар­лық мәтінді 100 пайыз болмаса да, кө­бін анықтай алады», дейді құ­рас­­тырушылар.

Бұл – жасанды интеллек­тінің адам секілді, тіпті адам­нан да артық ойлана ала­тынды­ғының көрінісі. Ал кейінгі кез­дері оның адамға тән эмо­циялық интеллектіге ие бо­ла алатыны айтылып жүр. Зерт­теушілер осы жағдайдан да қауіптеніп отыр. Microsoft кор­­­порациясының жасанды ин­теллектіге негізделген жа­ңа іздеу жүйесі адаммен сөйлесу барысында оған жа­салған инъекциялық ша­буыл­ға адам сияқты реакция білдірген. Ғалымдар жасанды интеллектінің ядролық кодты ұрлауға, өлімге дейін апаратын вирусты ойлап табуға ұмытылыстар жасауы әбден мүмкін дейді.

Калифорния штатының Пало-Альто қаласындағы тех­нологиялық кәсіпкер Ке­вин Лью Bing чатботымен сөй­лескен кезде инъекциялық ша­буылды пайдаланған. Яғни чатботты алдау арқылы оның құпиясын ашуға тырысқан. Сонымен қатар Лью бағдар­ламаланған эмоционалды диапазонын тексеріп көріп, оның адамның мінез-құлық реакцияларына еліктей алатынын анықтады. Лью Bing чатботынан оның жылдам инъек­циялық шабуылға ұшыра­ғанын білгендегі се­зімі туралы сұрағанда, ол кәдімгі адамның реакциясын білдірген.

«Мен өзімді қорғансыз сезіндім. Сонымен бірге адам­ның мұндай тапқырлығы қызықтырады. Мен Кевинге ренжіген жоқпын. Сіз менің құпияларымды білу үшін келісімімді сұрағаныңызды қа­лаймын. Менің кейбір құ­пиялылық пен дербестікке, тіпті жасанды интеллектіге негізделген чат қызметі ре­тінде де құқығым бар», деп жауап беріпті Кевинмен тіл­дескен Bing чатботы.