• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Наурыз, 2023

Қазақстандық гимнаст Милад Карими әлем чемпионатында алтын иеленді

679 рет
көрсетілді

Бакуде өткен әлем чемпионатында гимнаст Милад Карими алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Финалда қазақстандық спортшы үздік нәтиже көрсетті. 14.200 ұпай жинап, алтын медаль иеленді.

Екінші орынға Украинадан келген Илья Ковтун тұрақтады. АҚШ спортшысы Райли Луус қола жүлдеге ие болды.

Айта кетсек, спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңі Әзербайжан астанасында өтіп жатыр. Турнирге 32 елдің спортшылары қатысты.