• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Наурыз, 2023

«Оскарды» алғаш рет азиялық әйел жеңіп алды

977 рет
көрсетілді

Мишель Йео «Бәрі барлық жерде және бір уақытта» (Everything Everywhere All at Once) фильміндегі рөлі үшін «Оскар» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

60 жастағы малайзиялық актриса «Бәрі барлық жерде және бір уақытта» фильміндегі басты рөлі үшін «Оскар» сыйлығын алды.

«Оскар» сыйлығының 95 жылдық тарихында бірде-бір азиялық актриса бұл номинацияны алып көрген емес.

«Гейшаның естеліктері», «Марко Поло» және «Жасырын айдаһар» фильмдерінде басты рөл сомдаған танымал актриса үшін бұл алғашқы «Оскар» сыйлығы.   Фильмде оқиғаның басты кейіпкері Эвелиннің өмірі жайлы баяндалады, ол кенеттен параллельді ғаламдарды шарлай алатынын және өзінің басқа нұсқаларына қол жеткізе алатынын біледі.

Айта кетсек, «Үздік актриса» номинациясында Кейт Бланшетт (Тар), Ана де Армас (Аққұбалар), Андреа Райсеборо (Лесли үшін), Мишель Уильямс (Фабелманс) бақ сынаған.