Сан-Францискодағы шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сан-Францискодағы сайлаушылардың келуі 74%-ды құрады.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы Мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.
СОЦИС-А кешенді әлеуметтік зерттеулер институты Мәжіліс және мәслихат сайлауының Еxit poll нәтижесін ұсынды:
Amanat партиясына сайлаушылардың - 54,42%-ы; «Ауыл» партиясына - 10,21%-ы; Respublica партиясына - 8,79%-ы; «Ақ жол» партиясына - 8,21%-ы; Қазақстанның халық партиясына - 6,89%-ы; Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына - 4,91%-ы; «Байтақ» партиясына - 2,17%-ы дауыс берген; Бәріне қарсы бағанын 4,40%-ы адам таңдаған.