• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ғылым 03 Сәуір, 2023

Мұғалімдерді бірлесіп даярлайды

278 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында мұғалімдер даярлау ісін арттыру үшін пәрменді іс-шаралар қабылдап, білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға басымдық беруді тапсырды. Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі осы бағытта кешенді жұмыс бас­тады.

Облыстық білім басқар­ма­­лары басшыларының, педа­го­гикалық жоғары оқу орында­ры­ ректорларының және ведомс­т­волық бағынысты ұйымдардың басшыларының қатысуымен екі министрліктің бірлескен кеңесі өтті. Іс-шараға қатысқан жүзден астам маман педагог кадрларды сапалы даярлаудың өзекті мәселелерін, негізгі басымдықтар мен оларды шешу жол­дарын талқылады. Сондай-ақ­ бірлескен ынтымақтастық, жас­ мұғалімдерді даярлау және олар­дың құзыреттілігін арттыру мәсе­лелері көтерілді.

Оқу-ағарту министрінің мін­­де­­тін атқарушы Ғани Бей­сем­баев­тың айтуынша, кадр сапасы мен­­ педагог мәртебесін арттыру бо­­йынша кешенді жұмыстар жал­ға­­сып жатыр. Кейінгі төрт жылда мұ­ғалімдер жалақысының екі есе­ өсуі – соның дәлелі.

– Министрліктің басым мін­­дет­терінің бірі – білім беру ұйым­­дарын жоғары білікті кад­р­­­­лармен қамтамасыз ету және­ білім беру жүйесіндегі менедж­мент­ті жақсарту. Мықты басшы­лар­ды іріктеу және даяр­лау бағ­дар­ламасы әзірленіп жатыр. Толық­қан­ды зерттей оты­рып, жоғары білік­ті педагог­тер базасын және­ мектеп­ директорларының кадр­лық резер­він құру жөніндегі қа­ғи­­даларды әзірлеу қажет. Мем­ле­­кет басшысының тапсырма­ла­­рын орындау мақсатында қа­зір­ педагогикалық жоға­ры­ оқу орын­дарының Ы.Алтынсарин атын­да­ғы­ Ұлт­тық білім академиясымен және­ білім басқармаларымен өзара­­ іс-қимылын күшейту өте ма­ңыз­­ды, – дейді Ғани Бейсем­баев.­

Кеңесте Ғылым және жоғары бі­лім министрінің міндетін ат­қа­ру­­шы Саясат Нұрбек сөз алып, педа­­гогикалық білім беруді дамы­­­ту бойынша атқарылып жат­қан іс-шаралар туралы айтты.

– Мемлекет басшысы білім­ беру­ саласына өзгерістер енгі­зе­тін­ ­1 мың көшбасшы даярлауды­ тап­­сырды. Осы тапсырманы орын­­дау үшін министрлік жаңа фор­­мациядағы мектептердің топ-менеджерлерін даярлауды­ жос­парлап отыр. Ол үшін елі­міз­дегі үздік жоғары оқу орын­да­рының базасында жетек­ші мек­теп­терді тарта отырып,­ магис­тра­­тураның арнайы бағдар­ла­ма­ла­ры іске асыры­лады. Педа­гогикалық білім беру­ді ак­кре­диттеу «Педагог» кәсі­би­ стан­дартына негізделеді. «Педа­гог­ құзыреттілігінің шең­берін» қа­былдау мақсатында минис­тр­лік­ «Жоғары оқу орын­дары­ның оқы­т­ушысы» кәсі­би­ стан­дар­ты­ның жобасын әзір­леді. Бұл стан­­дарт жоғары оқу орын­да­ры­­ның академиялық еркіндігін ес­­­кере отырып негіздемелік си­­пат­­та жүзеге асады. Сондай-ақ­­ «Жай­лы мектеп» жобасы ая­сын­да­ мұғалімдерді даярла­у мақ­са­тын­да­ жыл сайын педа­го­ги­­калық ба­ғыттарға 7 мың грант бө­лу жос­парланып отыр. Оқу-ағар­­ту минис­трлігімен бірлесіп, педа­­гогтерге арналған біліктілік тес­­ті әзірленеді, – деді Саясат Нұрбек.

Басқосу қорытындысы бо­йынша заманауи сапалы педа­гог­терді даярлау мәселелері жө­нінде ведомствоаралық ке­ңес құру туралы шешім қа­был­дан­ды. Кеңес кадрлардың сапа­сын­ арттыру және білім беру ұйымдарын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырады.