• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Сәуір, 2023

Өңірлердегі мұнай базаларына тексеріс жүргізіледі

319 рет
көрсетілді

Өңірлік штабтарға жасанды жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін мұнай базаларына тексеру жүргізу тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жанар-жағармай (ЖЖМ) нарығындағы ахуал бойынша кеңес өтті.

Жалпы ел бойынша дизель отынының жиынтық қоры 308,56 мың тоннаны құрайды, бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық.

Сонымен қатар кейбір өңірлерде жекелеген жанармай құю станцияларында дизель отынын сатуда шектеулер байқалады.

Осыған байланысты ЖЖМ ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін:

Өңірлік штабтарға (ЖАО, БҚДД, МКД, ЭТД, ТМРД) ЖЖМ жасанды тапшылығын тудырмау мақсатында өңірлік мұнай базаларын комиссиялық тексеру жөнінде шаралар қабылдау;

Бұзушылық фактілері болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе доминантты әрекеттері бойынша тергеу жүргізу тапсырылды.