Алматыда әскери сотта Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі деп айыпталған атыраулық сарбазға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еске сала кетейік, Әлібек Қалбай Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде мерзімді әскери қызметке шақырылып, сол жерде қайтыс болған.
Атыраулық сарбаз Айболат Аманжолов қылмыстық кодекстің 440-бабы (Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу) бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Алайда қаза тапқан сарбаздың туысқандары мен сотталушының анасы тергеудің атүсті жүргізілгенін айтып, жазықсыз сарбаздың сотталмауы қажет екенін айтқан болатын.