• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Музей 19 Сәуір, 2023

Виртуалды музейдің мүмкіндігі

516 рет
көрсетілді

Кірістің көзі – туризмде. Мұны жақсы білетін елдер туризмге қомақты қаржы бөлсе, туристік компаниялар арасында бәсекелестік қызып тұр. Ал туристер көбіне-көп бұрын-соңды көрмеген, таңсық дүниелерге қызығады. Мысалы, қазір музейдегі экспонаттарды тамашалауға таптырмайтын виртуалды мұражай веб-сайттары бар. Бұл да болса, өлкенің мәдени-тарихи мұраларын қашықтан тамашалауға мүмкіндік береді.

Мұндай музейдің артық­шылығы – экспонаттарды әр қы­рынан жақындатып немесе алыс­татып көруге мүмкіндік береді. Виртуалды музей тарихи ескерткіштердің ұзағырақ сақталуына септігін тигізеді әрі қонақтарға тиімді. Неге десек, кез келген азамат виртуалды мұра­жайдан экспонаттарды тез әрі анық көре алады. Осыған қарап-ақ виртуалды мұражай ерекше қабілетті жандарға қолайлы еке­нін білуге болады.

Жуырда Мәдениет және спорт министрлігі мен Орта­лық мем­лекеттік музей мамандары ұйым­дастырған «Ұлы дала­ның ұлт­тық дәстүрлері» ха­лық­аралық ғы­лыми форумында Kazakh ­Tourism ұлттық компаниясы ­Мета-виртуалды музей жо­басының идеясын ұсынды. Жобаны IT және CGI цифр­лық ани­мация технологиясы са­ла­с­ын­да жұмыс істейтін «Sifro» компания­сы­мен бірлесіп іске ­асырып жатыр. Бірегей музейдің жоба­сы «Қа­зақстанның материал­дық емес мәдени мұрасы: жаңа әдіс­тер мен қағидаттар» секция­­сын­да ұсынылды. Секция барысында Kazakh Tourism креатив­ті ин­дус­триялар департаменті­нің жоба жетекшісі Әсел Серік­баева виртуалды музейдің мүмкін­дігі жайында айтып берген еді.

– Мета-виртуалды музейі – бұл виртуалды шындық, интер­­ак­тив­ті технологиялар және әлем­нің кез келген жерінде қол­жетім­ді мұражай кешенін құ­ру­ға ар­нал­ған құрал. Кәдімгі музей­лер­дің орналасқан аумағына және экспонаттардың санына қарай шектеулер болса, мета-виртуалды музейдің мүмкіндігі мол. Онда барлық экспонаттың сандық көшірмелері, сондай-ақ вир­туалды көрмелер мен экспози­ция­­лар болуы мүмкін», – дейді Ә.Серікбаева.

Осы форумға ғылыми ұйым­дардың қызметкерлері, мұға­лімдер, шығармашылыққа ден қойған зиялы қауым, музей, архив, кітапхана мамандары, жас ғалым, түркі әлемінің тарихы мен мәдениетін зерттейтін сту­дент­тер, магистранттар мен док­торанттар және басқа да мүд­делі тұлғалар қатысқан. Форум соңында Мәдениет және спорт министрлігі креативті индус­трия­ларды дамытуға жауапты уәкілетті орган болып белгіленсе, Kazakh Tourism-де креативті туризм департаменті ашылға­нын білдік. Демек, елде креативті сек­торды дамытуға, креативті кәсіп­керлердің өнім­дерін экспортқа шығаруға басым­дық беріледі.