• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сенат 20 Сәуір, 2023

Сенатор Нұрлан Бекенов ТүркПА комиссиясының отырысына қатысты

348 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекенов Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 10-шы отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ТүркПА мүше елдеріндегі сауда-экономикалық әлеуетінің интеграциясы: жаңа жағдайдағы көліктік қаңқаның болашағы» –  отырыстың тақырыбы болды. Сенатор басқа елдердің парламентшілерімен бірлесіп «Цифрлық қаржы активтері туралы» үлгі заң жобасын талқылады.

Кездесуге қатысушылар «Сауда өкілдіктері туралы» және «Айналымға шығарылатын өнімнің қауіпсіздігі мен сапасының негіздері туралы» үлгі заңдарды әзірлеуге кірісті.

Жиын соңында «ТүркПА-ға мүше мемлекеттердің сауда өкілдіктері: ұлттық экономиканы нығайту және бірлескен экономикалық ынтымақтастыққа үлес қосу» тақырыбы бойынша Комиссияның келесі 11-ші отырысының өтетін күні мен орны анықталды.