• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2023

Ағаш егуде мін болмайды. Өсіп-өнуін кім ойлайды?

512 рет
көрсетілді

Осыдан оншақты жыл бұрын басталған үрдіс биыл да жалғасын тапты. Жуырда еліміз бойынша өткізілген «Ағаш егу» күнінен ұлытаулықтар да шет қалмады. Тіпті, аса белсенділікпен атсалысты деуге болады.

Облыс бойынша биыл 28 495 түп ағаш егу жоспарланған еді, ал, нақты нәтиже 135 мыңға жуық­тады. Тек «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» КММ 4 гектар жерге 133320 ағаш егіп тастады. Қалалар мен аудандарда да саябақтар мен көшелердің бойына егілген жас ағаштар жаңа көктемнің лебін сездіріп тұр.

– Бізде ағаш егуде мін болмайды. Бірақ, содан кейінгі баптауы, күтіміне келгенде күміл­жіп қалатынымыз бар. Айта­лық, өткен жылы қаладағы қо­ғам белсенділері өзіміз демеу­ші тауып, көшеттер сатып алып, қаладағы саябақтарға еккен болатынбыз. Суғарумен айныласатын мердігерлер анықтал­ған­ша, сол еккен ағаштарды өзіміз суғарып жүрдік. Мердігер анықталғасын, соларға табыс­та­дық. Ақыры не болды? Әлгі мердігердің міндетін шала атқа­ру­ы салдарынан егілген ағаш­тың жартысы қурап қалды. Сон­дық­тан ағашты егуден бұрын оның күтіміне қатаң бақылау жасамай болмайды, – дейді жез­қаз­ған­дық қоғам белсендісі Мархат Хамит.

Егілетін ағаш та аспаннан түсе қалмайды, негізінен бюджет қаржысына сатып алынады. Ендеше, әрбір тамыранланбаған немесе қурап қалған ағаш та  халық қаржысын желге ұшыру болып саналады.

 

Ұлытау облысы