Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Астанада суға түсуге рұқсат етілген орындарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда тұрғындары министрмен кездесу барысында жазғы маусымда қаланың қай жерлерінде суға түсуге болатынын сұрады.
Министрдің айтуынша, қалада суға түсуге рұқсат етілген орындар - Орталық жағажай, «Три пескаря» демалыс аймағы және Астаналық аула.
«Бұның өзі жеткіліксіз, менің ойымша, қаладағы әртүрлі су қоймаларының ұзындығын ескеру керек. Кейбір өңірлердегідей ыстық кезеңде балалар суға түсе алатын қосымша бассейндер орнатуды қарастыру керек», деді Юрий Ильин.