• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Мамыр, 2023

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

430 рет
көрсетілді

Жетісу облысының полицейлері 15 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері Көксу ауданында 51 жастағы ер адамды ұстаған. Ол 2008 жылдан бері Ресейде есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде болған.

«Қазақстан полициясы күдіктіні Ресей Федерациясының Красноярск өлкесінің полициясының сұрауы бойынша іздестірген. Күдіктінің тұрған жерін анықтау туралы ақпарат іздеу жариялаған тарапқа жіберілді. Істің барлық мән-жайы анықталғанша, анықталған адамға қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы - келу міндеттемесі таңдалды», делінген полиция департаментінің хабарламасында.