• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ұстаз 05 Мамыр, 2023

Музыка мектебінің шырақшысы

964 рет
көрсетілді

Өмірде жан-жағын жылы шуаққа толтырып жүретін жандар болады. Сондай адамдардың бірі, ұлағатты ұстаз, Білім беру ісінің үздігі – Оспан Сүлейменұлы.

Оспан ағамыздың мейірімді жүзі, сыпайы болмысы, жылы жы­миысы адамды өзіне тартып тұра­ды.­ Соған қарап, оған ұстаздық қа­сиет тумысынан дарыған ба дер­сіз.­ Кейіпкеріміздің өмір жолына үңіл­сек,­ көптеген дерекке қанық боласыз.­ Ол бала күнінен өнерге жа­қын болып өсті. Домбыра тартып, ән­ салды. Он екі жасында облыстық бай­қауда топ жарып, «өнерлі бала» атан­ды. Туған ауылындағы сегіз жыл­дық мектепті аяқтағаннан кейін, жо­ғары сыныпты – сол кездегі Цели­ноград қаласындағы жалғыз қа­зақ мектебі қазіргі Жамбыл Жа­баев­ атындағы №4 орта мектепте жал­ғастырды.

1967 жылы С.Сейфуллин атын­да­ғы Целиноград мемлекеттік педа­го­гикалық институтының музыка фа­культетіне оқуға түсті. Бұл – тың­ игеру науқанының дүркіреп тұр­ған шағы. Солтүстік өңірлерге одақтың әр түкпірінен қоныс ауда­ру­шылар лек-лек келіп жатты. Бір жағы, саяси науқан жергілікті ха­лық­қа үлкен зардап әкелді. Қазір оны­ ашық айтып жүрміз ғой. Бірақ ол­ кезде ашық айту мүмкін емес еді­. Тың игеру жылдары көптеген қа­зақ ауылы­ жер бетінен жойылды. Ауыл­мен бірге қазақ мектептері де жа­былды. Осы жағдайға ұлтқа жанашыр адамдардың жүрегі ауырды. Олар науқанға еріп, айқайлаған жоқ. Қайта, халқымыздың тілі мен өнері, салт-дәстүрі шет қалмасын деп жанталасты. Сол жылдары Целиноградтағы төрт жоғары оқу орнында оқитын намысқой қазақ жастары бірігіп, «Гүлдер» атты қоғам құрып, ел арасында ұлттық өнеріміз бен салт-дәстүрімізді насихаттады. Бірқатар мәдени іс-шаралар өткізді. Осы қоғамның басы-қасында Оспан аға да жүрді. Кейін облыстық комсомол комитеті аталған қоғамның ұйымдастырушыларын шақырып, оларға «бұл ұлтшыл ұйым, егер тоқтатпасаңыздар соңы жақсы болмайды», деп ескертеді. Сөйтіп, екі жыл қазақ жастарына рухани­ де­меу болған ұйым жұмысын тоқ­­татты. Бірақ кейіпкеріміз мақ­са­ты­нан­ айныған жоқ.

Оспан Сүлейменұлы сана­лы­ ғұмырын ұстаздық жолға ар­на­ды. Алғашқы еңбек жолы ту­ған­ ауылындағы орта мектепте бас­талды.Одан кейін облыстық оқу бөлімінің жолдамасымен Қор­ғал­жын ауданындағы балалар­ му­­зыка мектебіне ауысты. Онда жет­кін­шек­терге домбыра үйретті. Кейін Қор­ғалжын аудандық мәдениет бөлі­мін басқарған жылдары туған жері­нің өнерін дамытуға қомақты үлес қосты. Ел ішіндегі таланттарды жинап, ұлт аспаптар оркестрін құр­ды. Оның ұйымдастырушылық қабілетін байқаған облыстық мә­дениет бө­лімі оны облыс орта­лы­ғы­на шақырып, қазақ ұлт оркестрін ұйым­дастыруды тапсырды. Бұл мін­дет­ті де ойдағыдай атқарып шықты.

Жалпы, Оспан аға табиғатынан сыпайы жан. Ешкімге кеудесін керіп, мақтанбайды. Әйтпесе, оның Ақмоладағы алғашқы қазақ музыка мектебінің іргетасын қалаған азамат екенін көпшілік біле бермейді. 1990 жылы Қызылорда қаласында «Елім-ай» бағдарламасы бо­йын­­ша республикалық ғылыми-тәжі­ри­белік конференция өтеді. Оған Цели­ноградтан Оспан Сүлейменұлы бара­ды. Семинарға сол кездегі Білім министрінің орынбасары Шәм­ша Беркімбаева қатысып, әр өңір­ден келген мұға­лімдермен әңгі­ме­леседі. Сол кездесуде Оспан аға­мыз министрдің орынбасарына өзін ұзақ жылдар бойы мазалап жүр­ген «Ақмоладан қазақ музыка мек­тебі ашылса» деген ұсынысын айта­ды. Бұл ұсынысты бірден құп­та­ған Шәмша Көпбайқызы оны Ал­матыға қабылдауына шақырды. Оспан ағамыз Сыр бойынан келген­нен­ кейін Алматыға жол тартып, Ш.Беркімбаеваға барады. Ол кі­­сі­ «қазақтың өнері» деп жаны кү­йіп жүрген азаматты жылы қа­был­дап, сол мезетте облыстық білім басқармасының басшысына­ қоңырау шалады. Сөйтіп, әп-сәтте­ музыка мектебінің тағдыры ше­шіл­ді. Білім басқармасы оған Жам­был Жабаев атындағы №4 орта мектебінің екі қабаттық ескі ғима­ратын берді. Оған сол кездегі Ақмола қаласының әкімі, марқұм Аман­жол Бөлекпаев көп қолдау көр­сетті. Ғимаратты толықтай жөн­деуге және қажетті музыкалық аспап­тар сатып алуға қаржы бөлді. Сөйтіп, 1991 жылдың қыркүйегінде Ақмоладағы алғашқы қазақ музыка мектебі өнерлі балаларға есігін айқара ашты. Оның бірінші директоры да өзі болды.

Әсіресе Оспан Сүлейменұлы елордадағы №2 балалар музыка мектебін басқарған жылдары, аталған өнер ордасының аты дүркіреп шықты. 2010 жылы мектеп өрендерінен құралған ансамбль Біріккен Араб Әмірліктеріне өнер сапарымен барып, қазақтың ән-күйін шалқытты. Сондай-ақ музыка мектебінің 24 оқушысы Францияда отыз күн бойы халықаралық байқауда бақ сынап, еліміздің абыройын асырды. Ұлағатты ұстаздың бірқатар шәкірттері республикалық «Абай», «Шәкәрім», «Мұқағали» оқуларында топ жарды. Оның тәлімгерлік тәжірибесі – жастарға үлгі. Өзі ақын, өзі сазгер, өзі күйші, өзі суретші. Бір басына сан тарау өнер тоғысқан. Бір кісідей ақындығы да бар. Он шақты кітаптың авторы. Өнер тақырыбына жазған мақалалары мерзімді баспасөзде жиі жарияланады. Қазір де Оспан ағамызды бас қаладағы жастарға ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналған іс-шаралардың бел ортасынан көреміз. Бұл да ұлттық ұстанымынан айнымаған азаматтың бір қырын көрсетеді.