• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Мамыр, 2023

Ақпарат министрі Ербол Мәндібектің видео үндеуіне қатысты пікір білдірді

1099 рет
көрсетілді

Тәуелсіз журналист Ербол Мәндібек әлеуметтік желі парақшасында видео үндеу жариялап, өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрады. Оның айтуынша, соңғы күндері артынан біреулердің аңдып жүргенін байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін әлеуметтік желіде журналист Ербол Мәндібектің видео үндеуі жарияланғанынан хабардармыз. Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі өтініштің мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жағдайды қадағалап, құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыс жасап отыр. Әріптеске қандай да бір құқықтық көмек көрсетуге әзірміз», деп жазды министр Facebook парақшасында.