• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Президент 08 Мамыр, 2023

Соғыс ардагері Әбдіғали Қаймолдинге «Халық қаһарманы» атағы берілді

557 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаймолдин Әбдіғали – Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері.

1921 жылы 30 маусымда Семей облысы Абыралы ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 

1941 жылы әскер қатарына шақырылды. 1941-1945 жылдың 9 мамыры аралығында Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь, 3-Балтық майдандарында шайқасты. 1946 жылдың маусым айында әскер қатарынан босатылған.

Аталған қызметтен кейін партияда және мемлекеттік органдарда жұмыс істеді. Әуелі КОКП Семей облыстық комитетінде, содан кейін Жаңасемей, Новопокровск аудандарының атқару комитетінде еңбек етті. 1977-1982 жылдары «Түрксіб» совхозы партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді және осы жерден құрметті демалысқа шықты.

Қызыл жұлдыз және І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.