• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Президент 08 Мамыр, 2023

Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

357 рет
көрсетілді

Президент елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлеріміздің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Содан кейін президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылы ротасы шараға қатысушылардың алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.

Шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті. Президент оларды Жеңіс күнімен құттықтап, барша отандасымызға зор денсаулық, амандық тіледі.