«Қайрат» клубы «Қайрат-Ақтөбе» командалары арасындағы ойын кезінде жарақат алған футболшының жағдайы өте ауыр екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев футболдан Қазақстан чемпионатының тоғызыншы турында «Ақтөбе» командасына қарсы өткен ойында ауыр жарақат алды. Ойынның басында ол Элдер Сантанамен допқа таласқан кезде соқтығысып, есінен танып қалды.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Буранчиев есін жиды. Ойыншы дәрігерлердің бақылауында болады.
Сонымен қатар клубтың шешімі бойынша «Қайрат-Атырау» Қазақстан Кубогінің 1/4 финалына сатылған билеттерден түскен қаражат Арсенге және оның отбасына аударылады.