• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Өнер 26 Мамыр, 2023

Күй аңызы: «Күй шақырғыш Ақжелең» күйі қалай туды?

938 рет
көрсетілді

Күй аңызы қызық қой. Күйді тыңдағанымыз болмаса шығу тарихы мен мәнін аса біле бермейміз.

Аңыз бойынша бұл шығарма «Алпыс екі Ақжелең» атты күй керуенінің көш басшысы, негізгі күйі болып саналады. Сондықтан бұл күйді домбырашылар кейде «Күй басы» немесе «Көш басшы» деп те тартады. «Алпыс екі Ақжелеңнің» кіріспесі іспетті болғандықтан осы циклдегі күйлерге тән ортақ қасиеттер, стиль және қағыс ерекшеліктері «Күй шақырғыштың» желісінен анық аңғарылады. «Күй шақырғышты» дұрыс тарта білмейтін домбырашы «Ақжелеңнің» келесі күйлерін де орындай алмайды.

Халық ұғымында «Ақжелең» - ақ жарқын, көрікті, әдемі, жайдары деген мағынаны білдіреді. Сол себепті де «Ақжелең» күйлері көбіне әйел бейнелеріне арналған. Бұл күйлердің «Алпыс екі Ақжелең» деп аталу себебі не? Қазақ халқында адамның бойында алпыс екі қан тамыры болады деген ұғым бар. «Алпыс екі тамыры иіп кетті» деген сөз содан қалса керек. Адамның алпыс екі тамырын толқытатын көңілді, сергек әуенді, әсем сазды бұл күйлерді халық «Алпыс екі тамырлы Ақжелең» немесе «Алпыс екі салалы Ақжелең» деп те атаған.

Қазанғап «Күй шақырғыш Ақжелеңнің» аса қызғылықты түрін алғаш рет күй тартысында орындап, бас жүлдеге ие болған. Қазанғаптың орындауындағы бұл күй сазының нәзік иірімдерімен, ойнау техникасының күрделілігімен және күйдің аяғына қортынды бөлім енгізілуімен ерекшеленген. 

Айтушылар: Бақыт Басығараев, Ысқақ Райымбергенов.

 

Еділ Басығараевтың «Толқында» кітабынан