Солтүстік Қазақстан облысында 31 жастағы ер адамды найзағай түсіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 мамыр күні Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші қызметкерлеріне осы аудандағы Дайындық және Ленинское ауылдарының арасындағы алқаптан ер адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
31 жастағы жігіт бақташы болып жұмыс істеп жүріп, жайылымда ауылдың малын баққан екен.
Осы дерекке қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.