• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 08 Маусым, 2023

Өнеркәсіп пен экология қалай үйлеседі?

1248 рет
көрсетілді

2031 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Атырау облысындағы еншілес кәсіпорындарында көмірқышқыл газы шығарындысы шамамен 400 мың тоннаға азаяды. Бұл – компанияның барлық еншілес ұйымы бойынша төмендетуге болатын көміртек оксидінің үштен бірі (37%). Сөйтіп, бас-аяғы он жыл ішінде ҚМГ компаниялар тобы СО2 шығарындысын 1,6 млн тоннаға қысқартуды жоспарлап отыр.

Өнеркәсіп нысандарының айналаға әсерін азайту ‒ бас­қа­рушы компаниялардың мой­нындағы маңызды міндет. Әсі­ресе мұнайлы өлке Аты­рау маңында қордаланған эко­ло­гиялық проблемалар жұрт­шы­лық көкейінде көптен келе жатқаны жасырын емес. Сондықтан компаниялар туындаған барлық өзекті мәселені көпшілікпен ашық талқылауға, олардың шешу жолдарын табуға тиіс. Атырау қала­сын­да Дүниежүзілік қоршаған орта­ны қорғау күніне орай эко­логия және өнеркәсіп тақы­ры­бына арналып өткен конференцияда өңірдегі ҚМГ актив­терінде қоршаған ортаға бөлінетін заттарды азайту іс-шаралары талқыланды. Іс-шарада қоғам өкілдері, эко-белсенділер мен волонтерлер, эколог ға­лым­­дар ҚМГ және оның өңірдегі еншілес ұйымдарының басшылығына (АМӨЗ, KPI зауыты, «Ембімұнайгаз» АҚ), облыс әкімі Серік Шәпкеновке, Парламент Сенаты мен Мәжі­лісінің депутаттарына және кездесудің басқа да қатысу­шы­ла­рына өздерін толғандырған сұ­рақ­тарды қоюға мүмкіндік алды.

Қатысушыларға Атырау мұнай өңдеу зауытында отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды қысқарту жоспары ұсынылды. Мысалы, кешенді іс-шаралар жүргізіп, пештерді техникалық қайта жарақтандыру мен қондырғылардағы ескірген от­тықтарды ауыстырудың нәти­­жесінде кәсіпорын шыға­рын­ды­лары 2023-2027 жылдары 327,8 мың тоннаға азаятын бола­ды. Сондай-ақ зауытта 2025 жыл­ға дейін резервуарлардан­ көмірсутек буларының атмосферада була­­нуын азайту үшін понтондар орнату жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба көмірсутектердің булануын әр резервуардан 80%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. АМӨЗ басшылығы сондай-ақ төрт технологиялық қондырғыда (зауыттағы ластаушы заттар шы­ғарындыларының негізгі көздері) автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу жайынан хабардар етті. Мониторинг жүйесі пештер мен қазандықтардан түтін газдарының құрамындағы күкірт ангидриді, күйе, метан, азот оксидтері, көміртегі оксиді бойынша талдау нәтижелерін автоматты режімде бақылаушы органдарға жіберіп отырады. Бұл жүйе кәсіпорынның экология саласында ашықтығын арттыру мақсатында жасалған.

Сонымен қатар зауыт су ресурстарын ұқыпты пайдалануға да жауапты. Ол үшін алдағы бес жылда ағынды суларды тазарту қондырғысы салынбақ. Жоба Жайық өзенінен су тұтыну көлемін 57%-ға азайтуға, сондай-ақ тазартылған ағынды суды өндірісте қайта қолдану арқылы зауыттың сарқынды суды ағы­зу­ көлемін 70%-ға дейін тө­мен­­­детуге мүмкіндік береді. Нәти­­жесінде, 2028 жылға қарай өзеннен алынатын су көлемі жылына 7 млн тоннадан (2022 ж.) 3,9 млн тоннаға дейін төмендейді.

Сол секілді ҚМГ «Ембі­мұ­найгаз» АҚ жабдықтары үшін қазандық-пеш отынын қо­л­дану көлемін төмендету ар­қы­лы оның тиімділігін арттыру­ жолдарын қарастырып жатыр. Қазір де дайындық кезеңі аяқ­тал­ған. Бұдан бөлек, алдағы жыл­дары «Ембімұнайгаз» жос­па­рында метанның ағып кетуін анық­тау және жою технологиясын (LDAR) енгізу де бар.

Еліміздегі полипропилен өн­ді­ретін біріктірілген газ-хи­мия­лық кешен 2022 жылы жұ­мы­сын­ бастады. KPI Inc. зауыты ‒ полипропиленнің жетекші өнді­ру­шілерінің бірі. Бұл теңіз кені­шіндегі шикізатты өңдеуді бас­та­ған алғашқы кәсіпорын. Зауыт те­ңізден пропанның бірінші пар­тиясын 2021 жылы алды. Жоспар бойынша жылына 500 мың тонна жоғары сапалы поли­пропилен шығару есептелген. Бұл ретте кәсіпорын өнім сапасын арттырып, қоршаған ортаға кері әсерін азайтатын жаңа техно­логияларды енгізумен белсенді айналысып келеді. Зауыт іске қосылған күннен бастап өндіріс көлемін ұлғайтып, өнімдерін бірқатар шет мемлекеттерге экспорттаумен қатар, еліміздің ішкі сұранысын қанағаттандыруда. Инновациялық технологияларды қолданудың арқасында кәсіпорын жоғары сапалы өніммен қамта­ма­сыз етіп қана қоймай, қорша­ған ортаның қауіпсіздігіне бағыт­талғ­ан міндеттерін ұқыпты орын­дауда. Полипропилен өндірі­сі­нің барлық кезеңінде зауыт­қа түсетін шикізаттың, тұты­ны­ла­тын және ағынды сулардың са­пасы, пайдалану кезіндегі шығарындылар соңғы өнімге қойылған талаптардың сәйкестігі расталғанша үнемі бақылауда болады. Жеткізілетін шикізаттың, энер­­­гия ресурстарының және дайын өнімнің сапасын бақы­лау­ үшін зауытта әлем­де­гі жетекшілердің бірі болып­ та­бы­латын швейцариялық компания шығарған SGS сынақ зерт­ханасы жұмыс істейді. Жұ­мыс­тың сапасын қамтамасыз ету үшін зертханаға 143 бір­лік сараптамалық жабдық ор­на­тыл­ған. Онда жыл сайын 260 мыңнан аса сынақ жүргізіледі. Зауытта пай­даланылатын барлық судан сы­нама алынады. Экологиялық аспек­тілерді бақылау мақсатында алау газына, пайдаланылған газдарға, түтін газдарына және газ турбинасына зертханалық зерттеулер жүргізілуде.

Биіктігі 100 метр болатын жо­ғары және төмен қысымды екі алау жүйесі әр кез бақылауда және экологиялық қауіпсіздік та­лаптарына толық сәйкес ке­ле­ді. Олар іске қосу, өшіру және тө­тен­ше жағдайлар кезінде төгілген өнім­нің толық жануы үшін қажет. Ке­шенді алау 100% тазалықпен пропанды (көмірқышқыл газы мен суды түзе отырып) жанады, алау жүйесінен шығарылатын шығарындылар қоршаған ортаға зиянсыз. Зауытта технологиялық үдерістер үшін айналмалы­ су құ­быры қолданылады. Яғни ағын­ды сулар (жаңбыр, химиялық лас­танған және тұрмыстық) Қара­ба­тан­ қаласының коммуналдық нысандарына жіберіліп, тазартылып, зауытқа қайтарылады. Алдағы уақытта кәсіпорын электр қуатын бұдан да көп үнемдеп, небәрі 35 МВт/сағ тұтынуды жоспарлап отыр. KPI зауытында энергия үнемдейтін ресурстарды тиімді пайдалану басталған. Бастапқыда сағатына 62 МВт электр энергия­сын тұтыну жоспарланған бола­тын, бірақ заманауи энергия үнемдейтін шешімдер электр энергиясын сағатына 43 МВт-ға дейін төмендетуге көмектесті. Сонымен қатар «жасыл белдеу» құру мақсатында зауыт аумағында 2500-ден аса ағаш отырғызу жоспарланған.

Жиын аясында «Қаз­Мұ­най­Газ» Атырау облысының әкім­дігімен меморандумға қол қой­ды­. Құжат бойынша үш жыл ішінде Атырау аумағында 10 мыңға дейін ағаш отырғызу көзделді. Ұлттық компания атмосфераға бөлінетін заттарды басқару жөніндегі іс-шаралардан бөлек, шикі газды алау етіп жағуды азайтады. Су ресурстарын қайта пайдалану, сондай-ақ рекультивация жұмыстары қолға алынды. Компания 2030 жылға қарай тұрақты алау жағу көлемін нөлге дейін жеткізуге міндеттеме алды. Қазірдің өзінде 2017 жылмен салыстырғанда шикі газды алауда жағу көлемі 89%-ға­­ төмендеді. Бұл көрсеткішке не­гі­зінен «Ембімұнайгазда» газ өңдеу қондырғысын пайдалануға беру арқылы қол жеткізді. «Қаз­МұнайГаз» өндіруші ком­па­ниялардың кен орындарында бұрыннан жиналған мұнаймен ластанған жерлерді тазарту бойынша біршама жұмыс атқарды. Соңғы екі жылдың өзінде компаниялар тобы бойын­ша барлығы 1,2 млн тоннадан аса жылдар бойы жиналған мұнай қалдықтары кәдеге жаратылып, 192 гектар жер қалпына келтірілген.