• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Бокс 08 Маусым, 2023

«Қарапайым қағиданы қаперімнен шығарып алдым» - Асланбек Шымбергенов

454 рет
көрсетілді

Әрбір жеңістің артында қаншама маңдай тер мен тәжірибе бар. Ташкенттің төрінде өткен жарыста бокстан әлем чемпионы атанған Асланбек Шымбергенов мансап жолында қателіктері арқылы шыңдалғанын айтады. Әсіресе «Сербиядағы сәтсіздіктен сабақ алдым» дейді.

Боксшы бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтты.

«Тұсаукесер кездесуімде ирандық Фархад Аташгаханы жеңген соң, келесі кезеңде Шахрам Гиясовпен күш сынас­тым. Ол кезде өзбек боксшысының дәуірі жүріп тұрған. Мен оны 5:0 есе­бімен ұттым. Сақа спортшыны сан соқ­­тырғаныма ерекше қуанып, өз-өзіме деген сенімім күрт артты. Менің бас­ты қателігім – осы болды. Өйт­кені рингте босаңсуға болмайды. Осы қарапайым ғана қағиданы қаперімнен шығарып алып, соның салдарынан оңбай опық жедім. Үшінші айналымда германиялық Магомед Ша­хидовты нокаутпен жеңгенімнен кейін, ширек финалда Украинаның жас дарыны Юрий Захариевке бір ғана ұпай айыр­машылығымен жеңілдім. Дәл осы жігіт Белградта әлем чемпионы атанды.

Сербиядағы сәтсіздіктен үлкен сабақ алдым. Алдына биік мақсат қойған боксшыға ондай қателікке бой алдыруға болмайтынын анық ұғындым. Содан кейін психологиялық тұрғыда өз-өзіммен жұмыс істедім. Бап­керіміз екеуміз барлық кемшіліктерді тү­зеттік. Бұл еңбек еш кеткен жоқ. 2022 жылы Аммандағы Азия чемпионатында алтын тұғыр­ға көтерілдім. Міне, енді әлем чемпионы атанып отырмын», деді боксшы.