Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 14-16 маусым аралағында жоғарғы өрт қауіпі сақталатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына:
таулы-орманды алқаптарға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауды; тамақ жасау үшін арнайы ас пісіру құрылғыларын қолдануды; темекі шекпеуді, тұтанған сіріңке және темекі қалдықтарын тастамауды; күн сәулесімен тез тұтанатын бөтелкелерді, шыны сынықтарын, басқа да тұрмыстық қалдықтарды қалдырмауды және шөптің үстіне от жақпауды ұсынады.