• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2023

Бурабайда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

274 рет
көрсетілді

Бурабай курорттық аймағында Ақмола облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаменті арнайы құрылымдары жауынгерлерінің және ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің ауқымды арнайы операциясының нәтижесінде Щучинск қаласында Бурабай ауданының аумағында бопсалаумен айналысатын жас жігіттер тобы ұсталды.

Ұзақ жүргізілген тергеу барысында күдіктілер жергілікті тұрғындарды, негізінен жастарды мобильді банкинг арқылы қолма-қол ақша және тауарлық несие алуға мәжбүрлеген. Ал бас тартқан жағдайда физикалық күш көрсетумен қорқытқаны анықталды.

Қылмыстық топтың дәлелдік қорын жинау үшін ҰҚҚКБ қызметкерлері арнайы жедел іс-шаралар жүргізіп, нәтижесінде бопсалау, тонау, алаяқтық және қылмыстық төбелеске қатысу фактілерін анықтады. Арнайы операция барысында полицейлер айыпталушының ұялы телефондарын тәркіледі. Қазіргі таңда төрт факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Полицияға 8 күдікті жеткізілді, оның төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция заңсыз әрекеттерден зардап шеккен барлық ұсталғандарды анықтау бойынша кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.