Бұл сұраққа Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадіров жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстанда волонтерлік қызметтің дамуына ерекше назар аударылып отыр. Соңғы үш жылда елімізде еріктілер саны үш есе көбейген. Мәселен, 2019 жылы волонтерлік ұйымдардың саны 50-ден астам болса, қазіргі таңда 680-ге жетіп отыр. Ал еріктілер саны 50 мың болса, қазір республика бойынша волонтерлер саны 200 мыңнан асып отыр», деді Данияр Қадіров Халықаралық еріктілер форумы барысында.
Осы тұста вице-министр өткен жылы құрылған Орталық Азия волонтерлер хабының жұмысына оң баға берді.
«Орталық Азия волонтерлер хабы жыл бойы жұмыс істеді, ұйымдастырылған іс-шаралар аясында хабтың маңына топтасқан еріктілер саны да көбейе түсті. Биыл да өзге елдерден ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Олар да осы хабқа қосылғысы келеді. Түркия мен Әзербайжан да аталмыш хабқа қосылып, тәжірибе алмасу ниетін білдірді. Күні кеше Астанада Халыақарлық волонтерлік орталығы ашылғанын да еске салғым келіп отыр», деп қосты вице-министр.