• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Маусым, 2023

Бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсімі өтті

233 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы «жасыл» сутегі өндіретін зауыттың құрылысы аясында Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсімі өтті.

Жобаны танымал Svevind неміс компаниясы Еуропалық кеңес Президенті Шарль Ми­­шельдің өткен жылдың қазан айында Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған Инвестициялар туралы келісім аясында жүзеге асыруда. Жо­ба бойынша Маң­ғыстауда жалпы қуаты 40 ГВт болатын күн және жел стансаларын салу жос­парланып отыр. Бұл жылына 2 млн тоннаға дейін «жасыл» сутегі немесе 11 млн тонна «жасыл» аммиак  өн­діруге мүмкіндік бе­реді. Геологиялық бұрғылау жұмыстарының басталуы жобаны дамытудың жаңа кезеңге көтерілгенін білдіреді – бұл жерасты жыныстарын тере­ңірек талдау және одан кейінгі кезең­дерді пысықтау үшін маңызды мәлі­меттер алуға жағдай жасайды. Жалпы, жо­ба­ның арқасында Қазақстан сутегі немесе аммиактың ірі көлемін Еуропа және Азия нарықтарына жеткізу бойынша мүмкіндіктерін арттырады, сондай-ақ ел экономикасының экологиялық таза әдістерге көшуін жеделдетеді.

Svevind компаниясының басшысы Вольфганг Кропптың айтуынша, әлемде «жасыл» сутегін өндіру бойынша мұндай ауқымда бірде-бір жоба әлі жүзеге асы­рыл­маған.

Сонымен қатар кәсіпорынға түрлі жұмыстар жүргізуге бе­ріл­ген аумақты аралау кезін­де мәртебелі қонақтардың қа­ты­суымен Genesis консал­тинг ком­паниясы – франция­лық Technip Energies инженер­лік-техникалық және техноло­гиялық компаниясының енші­лес фирмасымен алдын ала жобалау-іздестіру жұмыстарын (pre FEED) жүргізуге келісім-шарт­қа қол қойылды. Бұл зерттеулер маңызды технологиялық шешім­дер қабылдауға және зауыт құрылысын егжей-тегжейлі жоспарлауға көмектеседі.