• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Маусым, 2023

600 мың теңге аударды

221 рет
көрсетілді

Семей қаласында Абай облысының құрылғанына бір жыл толуы құрметіне 50 және 63 жастағылар арасында мемлекеттік қызмет ардагерлерінің бильярд спортынан ХХІХ халықаралық турнирі болып өтті. Оған 30 команда және 225 бильярд ойынының шеберлері қатысып, бірнеше күн бойы күш сынасты.

Алдын ала айта кетейік, сиқырлы таяқ шеберлері сын сәтте ұйымшылдық танытып, өңірдегі табиғат апатынан зар­дап шеккендерге 600 мың теңгеден астам көмек көрсетті. Сәдібек Түгел басқаратын «Әлем қырандары» бірлестігі мен турнирді ұйымдастыру коми­тетінің төрағасы Сәт­бек Рақышев жігерлілік пен қайт­пас қайсарлықтың үлгісін көр­сеткен семейлік өрт сөндіру­шілер мен облыс тұрғындарына ризашы­лықтарын білдірді.

Бірнеше топқа бөлініп, өнер көрсеткен бильярд спорт ше­берлерінің өнерін тамашалауға келгендер «Абай арена» жабық спорт кешенін лық толтырды. Ко­мандалық есепте «Астана қы­рандары-1» командасы бас жүл­де және 1 миллион теңгенің сертификатын жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды Шым­кенттің «Тұран», Шығыс Қазақ­стан облысының «Асау Ер­тіс» командалары ие­ленді. Олар тиісінше 700 мың және 400 мың теңге сыйақы мен Абай облысы әкімінің Алғыс хатына ие болды.

50 жастағылар арасында М.Кар­баев, Е.Тынысбаев, В.Пи­нигин алғашқы үштікті түйіндеді. Ал 63 жастағылар ара­сында К.Зекенов, Н.Рыжих, В.Пылев жүлделі орындарды өз­ара бөлісті.

 

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Қазақстанның құрметті спорт қайраткері»

 

СЕМЕЙ