• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Таным 29 Маусым, 2023

Ежелгі ғұн монетасы

421 рет
көрсетілді

Кашмир өлкесі Смаст-Мардан қаласынан 50 шақырым жердегі Сақара тау-жотасында теңіз деңгейінен 1130 метр биікте орналасқан үңгір-ғибадатханаға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде V-VI ғасырларға тән көптеген артефакті табылған еді.

Солардың бірі – ежелгі тиын. Еуро­па­­лық маман нумиз­­матиктер бұл жәдігерді бір­ауыздан біздің ежелгі ата-баба­мыз ақ ғұндар мұрасы деп таныды. Сондай-ақ үңгірге қазба жұмысын ұйымдастыр­­ған Пе­шавар университеті архео­ло­гиялық бөлімінің басшысы Насим Ханның пайымдауынша, аталған үңгірдің биіктігі 33 метр де, жалпы ұзындығы 180 метр шамасында екен. Бұл үңгір әуелі алғашқы адам баласына қоныс болған.

Жалпы, бұл өлке V-VI ға­сырларда ақ ғұндардың (эфталит) билігінде болған. Ежелгі ғұн дәуірінің білгірлері ақ ғұндардың мемлекеттік тілі түркі тілі болған дейді (Гумилев Л.Н., Эфталиты и их соседи в ІV в. // Вестник древней истории, 1959, №1).

Аталған жә­ді­гер бе­тіндегі «Қас таңба» – ба­йырғы бабаларымыздан қалған белгі. Бұл туралы кезінде ақын Олжас Сүлейменов «қас таңба ба­йырғы қыпшақтардың символы бол­ған» десе, зерттеуші Бақытбек Бәмішұлы: «Қас таңба» – ашамай таңбасына өте ұқсас екi көсеудiң айқасуымен жасалып, әр таяқшаның ұшы күн айналысы бағытына қарай тiк бұрыш жасап иiлiп келедi, өте көнеден жалғасқан мұра» дейді.