• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Маусым, 2023

Атбасарда 4 млн теңгенің алтынын ұрлаған әйел ұсталды

282 рет
көрсетілді

Атбасар ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ІІМ мәліметінше, оның арызы бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

«Тәртіп сақшылары қаскөйдің 26 алтын бұйым және 200 доллар ұрлағанын анықтады. Полиция барлық жергілікті ломбардтар мен ақша айырбастау пункттерін тексерді.

Нәтижесінде 35 жастағы әйел ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады», деп жазды ведомстводан.