• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 23 Шілде, 2023

Алматы облысында 150 адам эвакуацияланды

282 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы сел қаупіне байланысты 150 адам эвакуацияланды,  деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәлімдегендей, сағат 00:30-дағы сел тасқынының кері әсері салдарынан Талғар бөгетінің бөрене ұстағыш құрылғысында топырақ бөгетінің оң жағын су шайып, ұзындығы 5,5 метр, ені 3 метр, тереңдігі 1,2 метр, көлемділігі шамамен 20 текше метрлік шұңқыр пайда болған.

Пайда болған шұңқырды қалпына келтіру жұмыстарын «Қазселденқорғау» филиалы жүргізеді.

Талғар өзенінің қауіпті тұстарына бақылау бекеттері қойылып, сел қаупі бар аумақтан 150-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.