Астана полициясының баспасөз қызметі бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовті іздеуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Zakon.kz сайты хабарлағандай, Шүменов қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес мемлекетаралық іздеуге ресми жарияланған.
«18 маусымда елордалық сауда орталығында болған оқиға фактісі бойынша Астана қаласының полиция департаменті Бейбіт Шүменовке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», делінген Астана ПД баспасөз қызметі хабарламасында.