• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Шілде, 2023

Ата-анасының қарызы үшін баланы қорлаған әйел ұсталды

277 рет
көрсетілді

Келеңсіз оқиға Алматы облысында болған. 19 шілдеде әйел адам кішкентай қыздың аузы мен қолын таңып, кейін оны қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін, 24 шілдеде балаға қатыгездік танытқан келіншектің қамауға алынғаны белгілі болды. Облыстық полиция өкілдерінің айтуынша, 22 шілдеде аудандық соттың шешімімен 1999 жылы туған әйел 2 айға қамауға алынды.

«Ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған белгілі адамға қатысты заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды», делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, кәмелет жасына толмаған баланың ата-анасы ұсталған әйелге ақшалай қарыз болған көрінеді. Ал зардап шеккен қыздың анасы ауылдасына арыз жазып, қызын сот-медициналық сараптамадан өткізуден үзілді-кесілді бас тартты.