• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Технология 26 Шілде, 2023

Адамзат революциясын белгілеген ұялы телефон қоңырауы

369 рет
көрсетілді

50 жыл бұрын америкалық инженер Мартин Купер ұялы телефонды ойлап тапты. Қазір ұялы телефонды екінің бірі пайдаланады.

Motorola DynaTAC 8000X - әлемдегі алғашқы коммерциялық ұялы телефон. Оның салмағы бір килограмға жуық болды. 30 минут сөйлесу үшін 10 сағат қуаттауды қажет еткен деседі. Өнертапқыш Мартин Купер 1973 жылдың 3 сәуірінде бәсекелес зерттеуші Джоэль Энгельге адамзат тарихындағы алғашқы телефон қоңырауын жасаған.

Купер: «Джоэль, мен саған ұялы телефоннан қоңырау шалып жатырмын. Дәл қазір» деді. Бірақ Джоэльдің жауабы тек үнсіздік болды.

Купер өзінің бір сұхбатында ұялы телефонда сандық камера немесе интернет сынды мүмкіндіктер болатынын болжамаған еді. Десе де, өнертапқыш болашақта әркімнің өз ұялы телефоны болады деп сенген.

50 жылдың ішінде ұялы телефон көп өзгеріске ұшырады. Бастапқыда қалтаға салып жүруге ыңғайлы телефондар пайда болды. Олардың қуатталу жолы да әлдеқайда қарапайым болған. Уақыт өте келе жиналмалы, жиналмайтын, камерасы бар телефондар қолданысқа шыға бастады. Ұялы телефонның үлкен, шағын, пернетақтасы бар, жиексіз сан алуан түрі бар, оның 92 пайызында интернет қолжетімді.

Бүгінде ұялы телефонды қолданбайтын адамдарың жоқтың қасы. Вigital Global компаниясының 2023 жылғы қорытынды есебіне сәйкес, телефон күніне бес сағат, орта есеппен пайдаланушының 30% уақытын алады екен. Заманауи гаджетті пайдалану көлемі жылдан жылға өсіп келеді. Мәселен, 2023 жылғы жаһандық цифрлық жиынтық есепке сәйкес, тұтас әлемде 5,44 миллиард адам үшін телефон қолжетімді. Өткен жылы мобильді пайдаланушылар саны тағы 3%-ға артты, ал соңғы 12 айда 168 миллион жаңа желі пайдаланушысы тіркелген.

Бұл өнертабыс адамзаттың қарым-қатынас орнату жолында және ақпаратқа қол жеткізу мақсатында жасаған үлкен қадамы десек қателеспейміз. Ұялы телефонды пайдалану арқылы мобильді қосымшалар, ойындар, онлайн жарнама сынды жаңа салаларға жол ашылды. Технология дамыған сайын күнделікті өмірдегі мәселелердің шешімі де оңтайлы табылып келеді.  

 

Карима ЖҰМАҒАЛИ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті